Тағы екі тұрғынға қатерлі ісік алды дерті диагнозы қойылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде халықаралық онкологиялық ауруға қарсы күрес бойынша «Ашық есік» күні өткізілді. Келушілерді көпсалалы медицина орталығының жетекші мамандары қабылдады.
Ақтау қаласының тұрғындары онкологтың, маммологтың тегін кенесін алды, медициналық көрсеткіштер бойынша онкоцитология және ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілді.
"Ашық есік күні" аясында 46 адам дәрігерлер кеңесіне жүгінді. Жіті тексеріс нәтижесінде обыр 1, қатерлі ісік алды ауруы 2 адамнан анықталды. Ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуінен 27 адам өтті. Мамаграфия бойынша– 5, цитология бойынша - 12, КТ-да - 9 адамға зерттеу жүргізілді,-деп мәлімдеді диспансердің өкілдері.